Жарияланды: 500

Павлодар облысында мүгедек спортшылардың спартакиадасы аяқталды

Баянауылда (Павлодар облысы) мүгедек спортшылардың аймақтық спартакиадасы аяқталды, деп хабарлады Павлодар әкімінің баспасөз қызметінен.

Осымен он үшінші рет өтіп отырған облыстық жарыстың бағдарламасына тоғызқұмалақ, үшсайыс, нысана дәлдеу, үстел теннисі және волейбол сияқты спорт түрлері кірді. Жалпыкомандалық бірінші орынды павлодарлықтар жеңіп алды. «Біздің жеңісіміз заңды, біз жыл бойы жаттығамыз», - дейді нысана дәлдеу жарысының жеңімпазы, «Оптимист» мүгедектер қоғамының әдіскері Игорь Скрипин. Теннистен жақсы өнер көрсете білген Ғалия Беспалова да павлодарлықтардың командасына жеңіс ұпайын әкелді. Спартакиаданың басты жеңістігі сол, ол барлық қатысушыларға сергектік әкелді. Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға спорт өмірді мүмкіндігінше толық сезінуге көмектеседі, денсаулықтарын шынықтырады, адамдармен қарым-қатынас мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін