Ал тамыз айында бұл жәндіктер Шарбақты көлінің жағасына көптеп шығады. Жұмыссыз жүрген ауыл тұрғындары шаяндарды теріп, тұзды көлді жалға алған кәсіпкердің күзетшілеріне өткізеді. Артемия фармацевтика мен косметология саласында кеңінен қолданылады. Әсіресе су құртын қытайлар көптеп сатып алады. Алайда ойда-жоқта қарулы күзет жағалауға жолаған тұрғындарды қуа бастапты. Тіпті араларында атыс болған. Салдарынан бірнеше адам ауруханаға түсіпті. Қазір құзырлы органдар аумақты мемлекеттен жалға алған фирманың құжаттарын да тексеріп жатыр.
Қуат Түсіпбеков, Лебьяжі аудандық ІІБ бастығы:
— Тергеу барысында күзетші ауыл адамдарының оларды тепкілегенін айтты. Тұрғындарды тоқтату үшін оқты аспанға атқан. Айтуынша, қашып құтылуға әрекеттенген азаматты тұрғындар ұстап алып, жабыла ұрған.