Жарияланды: 440

Павлодар облысында жол апатынан 4 адам қаза тауып, 31 адам ауруханаға түсті

Павлодар облысында жол апатынан 4 адам қаза тауып, 31 адам ауруханаға түсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Апат Құлынды-Шербақты тас жолының 17-ші шақырымында 4-қыркүйекте болған. Новосібір қаласынан Павлодарға бет алған жолаушы тасымалдаушы "Вольво" автобусы мен КамАЗ жүк машинасы соқтығысып қалған. Екі жүргізуші мен автобустың екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Автобустың 31 жолаушысы аудандық ауруханаға жатқызылды. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жолаушылардың алтауы әл үстінде көрінеді. Алдын-ала ақпарат бойынша, жол апатына жол қозғалысының кері бағытына шығып кеткен автобус жүргізушісі кінәлі сыңайлы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть