Жарияланды: 630

Павлодар облысында жол полициясының үш бөлімшесінің жұмысы қайтадан жандандырылып , қосымша 39 жол инспекторы жұмысқа қабылданды

Павлодар облысында жол полициясының үш бөлімшесінің жұмысы қайтадан жандандырылып , қосымша 39 жол инспекторы жұмысқа қабылданады. Бұл туралы Павлодар облыстық ІІБ-ның бастығы Мұрат Тұмарбеков баспасөз мәслихатында хабарлады.

Облыстық жол полициясының үш бөлімшесі осыдан үш жыл бұрын ҚР ІІМ-нің бұйрығымен жабылған болатын. Олардың жұмысын қайтадан жандандыру мен жол полициясы инспекторларының санын арттыру , М.Тұмарбектовтың пікірінше, облыс жолдарындағы ахуалды жақсартуы тиіс. Жол полициясы бөлімшелерінің жұмысын қайтадан жандандыруға облыстық бюджеттен 9,5 млн. теңге бөлу көзделіп отыр. Биылғы жылдың 7 айында облыста 348 жол апаты тіркелді, оның екеуінде де 8 адамнан мерт болып аса ірі апатқа саналды. Жыл басынан бері жалпы жол апаттарында 70 адам қаза тауып, 400-ден астамы жарақаттанды. Жол полициясы постысының жоқтығынан онсыз да жаза жүктемейтінін білетін жүргізушілер қаладан шыға бере жылдамдықты асыра жүйткиді. Атап айтсақ, "Павлодар-Астана" тас жолының бойында Павлодардан 25 шақырым жерде жол полициясы қызметкерлерінің жарты сағаттық рейді барысында жолдан өткен 130 көліктің 80-і жылдамдық шектеуін бұзған. "Ал басқа көліктер техникалық себептермен ғана жылдамдықты асыра алмағаны байқалды",- деді М.Тұмарбеков. Облыстық ІІБ бастығының айтуынша, тәртіп бұзу көріністерінің алдын алу мақсатымен полиция қызметкерлері өз жұмыстары барысында тек ашық тәсілдерді ғана емес, жасырын бақылау әдістерін де қолданатын болады. Қазіргі жағдаймен облыс бойынша 98425 автокөлік , соның ішінде 85200 жеке көлік тіркеліп отыр. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш тағы 3 мыңға артады деп күтілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін