Жарияланды: 440

Павлодар облысының бір тұрғыны өзін-өзі өртеуге әрекет жасады

Павлодарлық 40 жастағы бір тұрғын өзін-өзі өртеуге әрекет жасады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық ІІБ-нан хабарлады.

Павлодар облысы Заря ауылының бір тұрғыны мас күйінде үсті-басына жанармай шашып , тұтандырып жіберген. Алайда оқиғаның куәгерлері оның бұл әрекетіне тосқауыл қойды. Өзін-өзі өртемек болған еркек 1,2 және 3 - дәрежелі күйікпен Павлодардағы 1-қалалық аурухананың күйік бөліміне жатқызылды. Еркекті мұндай әрекетке қандай себептің итермелегені әзірге беймәлім.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін