Жарияланды: 660

Павлодар: Қымбат бағалы су жәндігі үшін жұрт қырылысып қалды

Павлодар облысында тұрғындар мен күзетшілер арасындағы дау атыспен аяқталды. Бұған Шарбақты көлінде мекендейтін, қара базарда үлкен сұранысқа ие шаянның салина артемия деген түрі себеп. Ауыл тұрғындарының айтуынша, күзетшілер бұған дейін жұмыссыз жүрген азаматтарға бағалы құртты тергізіп, олардан арзан бағамен сатып алып келген. Кейін өздерін аумақтан қуып, көл маңына келуге тыйым салыпты.

Ауыл тұрғындары мен күзетшілердің жаға жыртысуына себеп болған артемия құрты осы көлден алынады. Жұрт оның бір қабын мұнда 4,5 мың теңгеден саудаласа, қара базардағы құны 60 мың теңгеге жетеді. Бұқараның күн көрісіне айналған бұл көл енді тыйым салынған аумаққа айналып отыр.

- Неге олар мылтықпен жүреді?Біз немене сонда оккупированный территорияда жүрміз бе?Өз елімізде, өз туған жерімізде жүре алмаймыз ба?

Шарбақты ауылының тұрғындары екі күн бұрын болған оқиғаны шытырман фильм тамашалағандай жарыса айтуда. Көлден салина артемияның уылдырығын жинап, нәпақасын тапқан азаматтарға күзетшілер енді аумақтан аулақ жүріңдер депті. Ал мән-жайды білуге барғанда,  әй-шәйсіз оқ жаудырған.

Ержан Рахимжанов, Шарбақты ауылының тұрғыны:

- Ойдан екі көлік шықты да алдымызға қарама-қарсы келді. Содан екі адам мылтықпен шықты. Бірнеше күзетші оқты көкке атты, бізге атты.Олар артемия үшін адам өлтіруге дайын. Бір біттей құрт үшін міне расында да онда оқ болса, ауылда не болушы еді, білмеймін.

Құнды құрт – фармацевтика мен косметика жасау саласында таптырмас шикізат. Бұған дейін ауылдың жұмыссыз азаматтарына шаянды тонналап жинатқан күзетшілер оны жұрттан арзанға сатып алып келген.

Қабдолла Түсіпов, Шарбақты ауылының тұрғыны:

- Сол күні мына РУВД-ның бастықтарының осында жүргенін балалар көрген, дәлелдейді де. Дәл осы ұрыстың алдында жүрген олар осында.Біздің ойымызша, олар өздері мыналарды крышавайттап, өздері шығармақшы болып жүрген. Балалар оларға кедергі болды да,олар күзетшілерді балаларымызға айтақтатып қойды.

Екі күн бұрын болған атыстан ауыл әкімі де құлағдар. Бұған көлді жалға алған кәсіпкер жауапты екенін айтуда.

Талғат Қасенов, Шарбақты ауылдық аймағының әкімі:

- «Закрепить рыбохозяственный питомник в Павлодарской области за природное пользование на консурсной основе» дейді. Орысша жазылған мұнда сосын орысша айтып тұрмын.Для введение рыбного хозяйтсво сроком на 49 лет.Қырық тоғыз жылға.

Жұмыссыздықтың кесірінен жағадан құрт-шаян терген ел көлді жалға алғандардың мұнда бірде-бір рет аяқ баспағанын айтады. Қазір кәсіпкер Қытайда екен. Тілшілермен аумаққа еріп барған тұрғындар онда күзет қызметкерлерімен тағы да жаға жыртысты. Ал елді-мекенді түгел тінткен полицейлер төбелеске қатысқандарды тергеп жатыр. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін