Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, трамвай жүргізушісі үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оны қамауға алу мәселесі қаралып жатыр.
«2007 жылы туған қыз алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Ал, 2009 жылғы қыз ауыр дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Бұл іс бойынша бірнеше сараптама тағайындалды», — дейді полицейлер.
Егер трамвай жүргізушісінің кінәсі дәлелденсе ол 5 жылға дейінгі мерзімде түрмеге жабылуы мүмкін.
Қазіргі таңда ерікті азаматтар әлеуметтік желілер арқылы қара жамылған отбасыға жылу жинап жатыр. олардың айтуынша, қыздардың анасы жалғызбасты әйел екен. Балаларын өзі ғана асырап отыр.