Жарияланды: 580

Павлодарда бір саудагердің кәуапты ит етінен жасап жүргені белгілі болды

Павлодарда шошқа етінен жасалған кәуап ретінде ит етінен жасалған өнім саудаланып келген. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ауылшаруашылығы министрлігінің қалалық аумақтық басқармасының бастығы Богдан Ткач хабарлады.

Павлодарлық бір тұрғын әйел көшедегі бір саудагерден кәуап сатып алған. Еттің дәмі өзгеше екенін сезінген әйел оны ауылшаруашылығы министрлігінің қалалық аумақтық басқармасына әкеледі. Зертхана тексерулері кәуаптың ит етінен жасалғанын айғақтап берді. Павлодардағы кәуапханалардың басым бөлігі арнаулы рұқсатсыз жұмыс істейді. Тіпті рұқсат алғандарының өзі әртүрлі заң бұзу әрекеттеріне жол береді. Ауылшаруашылығы министрлігінің Павлодар қалалық аумақтық басқармасының тұрақты рейдтік тексерулері осындай жағдайларды талай әшкерелеген. Мәселен, ет құжаттарының жоқтығы, тез бұзылатын өнім бола тұра ерте бастан кәуаптан қор жасау, ағаш көмірінің орнына ағаштың шайырлы тұқымдарын пайдалану тәрізді келеңсіздіктер жиі кездеседі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін