Павлодарда болған алапат өрттің себебі айтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда болған алапат өрттің себебі айтылды

Павлодарда болған алапат өрттің себебі айтылды

Павлодарда мұнай-химия зауытында болған өртке кәсіпорында технологиялық процестің бұзылуы себеп болған. Сол олқылықтың кесірінен 2 жұмысшы қаза тапты. Тағы үшеуі оңбай күйген.

  • 21 Қаңтар 2016
  • 169
Фото - Caravan.kz

4-ші қаңтарда полипропилен қоймасында тұтанған отты құтқарушылар көршілес қоймаларға жеткізбей өшірген болатын. Комиссия осы төтенше жағдайға технологиялық процестің бұзылуы себеп деген тоқтамға келді. Яғни полипропилен сақталатын қоймаға газ өтіп кеткен. Бұған қоса аумақта арнайы желдеткіштердің болмағаны анықталды. Қазір бұл оқиғаға қатысты құжаттар жиналып, іс құзырлы органдарға жіберілмек. Ал нақты кімнің жазаланатыны алдағы уақытта белгілі болады.

Ерхан Қоқыбаев, Павлодар облысы индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті басшысының орынбасары:

-Бәріне кәсіпорын кінәлі. Олар өрт тұтанғанда бірден сыртқа шығып, құтқарушыларды шақыруы керек. Бірақ,  жұмыс жалғаса берген. Әйтпесе, апаттың алдын алуға болар еді.