Павлодарда бүгін екі балабақша ашылады
Бүгін Павлодарда 240 орынға арналған екі балабақша ашылады, |
деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.
Күрделі жөндеуден өткізілген ғимараттарда бүлдіршіндерді тәрбиелеуге және шығармашылық дамытуға барлық жағдайлар жасалып отыр. №26 балабақшада қатардағы топтармен қоса, екі логопедтік топ ашылып отыр.
Балабақшаларда сонымен қатар ән-күй залдары, медициналық кабинеттер, асханалар бар. Жаңа мекемелерде педагогтар мен қызметшілер үшін 70 жұмыс орны құрылып отыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін