Агенттік тілшісінің хабарлауынша, жұма күні Павлодар қаласының №2 сотында жылжымайтын мүлікке қатысты жасалған ірі алаяқтық ісі бойынша тыңдау басталған.
«Сотқа тартылғандар қатарында қатарынан 32 адам жайғасқан. Олардың қатарында Жылжымайтын мүлік орталықтары мен нотариустардың бұрынғы қызметкерлері, олардың көмекшілері және басқа да тұлғалар бар. Қылмыстық істің материалдарына сүйенсек, ұйымдасқан аталмыш қылмыстық топ үш жыл қатарынан азаматтардың тұрғын үйлерін заңсыз алумен және оны өз адамдарына қайта рәсімдеумен айналысқан. Осы уақыт ішінде өз пәтерінен 19 павлодарлық айырылған», — деп хабарлады Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі.
Тергеу ұйымдасқан қылмыстық топты облыс орталығының 38 жастағы тұрғыны басқарғанын анықтады. Қылмыстық топ 2007 жылы анықтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті