Павлодарда қарулы әскер бөлімшеден қашып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда қарулы әскер  бөлімшеден қашып кетті

Павлодарда қарулы әскер бөлімшеден қашып кетті

Бүгін, 23-наурызда Павлодардағы 6679 әскери бөлімшеден қарулы әскер қашу оқиғасы шықты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық әскери комиссариаттан хабарлады.

  • 23 Наурыз 2004
  • 423
Фото - Caravan.kz

18 жастағы Иван Приходько ҚР Қарулы күштеріне әскери борышын өтеуге 2003-жылғы күзде Ақмола облысынан әскер қатарына шақырылған. ИТК-18 түзеу мекемесінде күзетте тұрған әскер бүгін таңертеңгі 5 сағат 45 минутта қызмет орнын тастап қашып кеткен. Әскер өзімен бірге Калашников автоматы мен оның оқтары бар екі оқшантайын ала кеткен.

Қазір облыс көлемінде қашқынды ұстау үшін ІІБ-ның желісі бойынша «Сирена» операциясы жарияланды. Қаладан шыға беріс жолдар жабылып, теміржол бекетіндегі күзет күшейтілді.
6679 әскери бөлімшеден әскер қашу оқиғасы бұдан бұрын да болған. Ертеректе хабарлағынымыздай, биылғы жылдың қаңтар айында тағы да Калашников автоматымен қаруланған ішкі әскер саласының қатардағы жауынгері Денис Гайворовский аталмыш бөлімшені тастап шығып, адамдарды кепілдікке алған болатын. Сол кезде облыстық ІІБ-ның қызметкерлері қашқынды кепілдікке алынған адамдардың өміріне қауіп төндірмей, түсіп беруге көндірген.

Соңғы жаңалықтар