Жарияланды: 80

Павлодарда қонақүй күзетшісі жезөкшеден 3 мың теңге алғаны үшін он жылға дейiн бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Павлодарда қонақүй күзетшісі жезөкшеден 3 мың теңге алғаны үшін он жылға дейiн бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Павлодардағы қонақүйлердің бірінің күзетшісі жезөкшеден қызмет көрсету үшін 3 мың теңге алған. Оған қатысты полиция "Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды. 

"Павлодар қонақүйлерінің бірінде 43 жастағы күзетші жезөкшеден қызмет көрсеткені үшін 3 мың теңге көлемінде ақша алған. Ол ұсталды. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы ("Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық") бойынша соталды тергеу басталды", - деп хабарлады Павлодар облыстық ІІД өкілдері.

Ер адамның "Стоп-трафик" жедел-алдын алу шарасы барысында ұсталғаны айтылады. Ер адам қылмысы дәлелденсе мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

ОҚО-да 85 жастағы әжей мас ұлын пышақтап өлтірді

Кезінде құпия саналған орыс офицерінің жазбасынан Махамбет Өтемісұлы турлы жаңа дерек табылды

Сарыағаштық 7 жасар бала оқиғасы. Бір апталық шолу

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін