Жұма күні он қабатты үйдің шатырынан секірген қыз бен жігіт аман қалды.
"Олардың жолы болды деуге болады. Үйдің маңдайшасындағы жабынның үстіне құлап аман қалған. Бірақ ауыр жарақат алған. Қазір аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр", — деп хабарлайды қалалық N1 ауруханадан.
21 жастағы бойжеткеннің омыртқасы сынған. Ал, 27 жастағы жігіттің жамбас сүйегі қирап қалған көрінеді.
Олардың мұндай қадамға бару себептері анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.