Жарияланды: 520

Павлодарда «Сарбаз, сен біздің жадымыздасың» атты көрме ашылады

22 маусым күні Павлодардағы жаңа Жауынгерлік даңқ мұражайында «Сарбаз, сен біздің жадымыздасың» атты ретроспективті көрме ашылады,

деп хабарлады мұрағаттар және құжаттама бөлімінен. Жауынгерлік даңқ мұражайы кезінде облыс тұрғындары майданға аттанған ескі вокзалдың орнына салынған. Сәулетшілер ескерткіш ғимараттың сыртқы пішінін мұқият қалпына келтірген. Көрмеге соғыс жылдарының құжаттары, майданнан жазылған хаттар, павлодарлықтар, Кеңес Одағының Батырлары мен Даңқ орденінің иелегері туралы стендтер, жауынгерлердің ерліктері туралы естеліктер қойылған. Бүгін мұражайда сондай-ақ Ұлы Отан соғысының басталуының 70 жылдығына және соғыстың алғашқы жылдары жасақталған ұлттық жауынгерлік құрылымдарға арналған «дөңгелек үстел» отырысы өтеді. «Трагедия, ерлік және жады» деген тақырыпты арқау етіп отырған отырысқа Павлодар мемлекеттік университетінің, Павлодар педагогикалық институтының, Инновациялық Еуразиялық университеттің ғалымдары, облыс мұрағатшылары, өлкетанушылар, мұражай қызметкерлері қатысады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін