Павлодарда шыққан өрт 6 сағат бойы сөндірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда шыққан өрт 6 сағат бойы сөндірілді

Павлодарда шыққан өрт 6 сағат бойы сөндірілді

Павлодарда шыққан өрт 6 сағат бойы сөндірілді.

  • 1 Мамыр 2023
  • 30
Фото - Caravan.kz

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, өртті сөндіру жер бедеріне байланысты қиындаған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Авто ХҚКО маңындағы өрт сөндірілді. Өрт екі бөлек аумақта шыққан.

«Жалпы аумағы 30 гектарды құрайтын қамыс өртенді. Өрт павлодарлық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің аумағына – Жаңаауыл орман шаруашылығына да таралды. Үш гектар алқаптағы орманда құрғақ шөп пен қарағаш өртенді»,– делінген хабарламада.

Өрт туралы хабар 30 сәуір күні сағат 18:26-да түскен. Жалынмен 35 адам күрескен, оның 20-сы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері. Тоғыз автоцистерна пайдаланылды. Өрт 1 мамыр күні сағат 01:01-де толығымен сөндірілді.