Сенімді ақпарат көзінен мәлім болғанындай, арнаулы қызметтер бұл сауда-саттық туралы ақпаратты күні бұрын біліп, күдіктілерді бақылауға алған. Ұсталғандардың екеуі Павлодар тұрғыны, ал енді бірі Сапартов облысының тумасы, Ресей азаматы болып шыққан. Арнаулы операция барысында олардан радиоактивті зат болып табылатын плутоний-239 изотопы бар ампула мен 20 мың доллар көлеміндегі ақша тәркіленген. Ақпарат көзінің хабарлауынша, сондай-ақ, сараптама нәтижесі ампуладағы заттың шынында да плутоний-239 элементінің изотопы екенін дәлелдеген.
Заң бойынша, аталмыш радиоактивті заттың еркін айналымына қатаң тыйым салынған. Тұтқындалған адамдардың үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің 247-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Плутоний-239 изотопы 1941-жылы ашылған. Бұл изотоп ядролық реакторларда, жаппай қырып-жоюға арналған қаруларды жасауда және басқа да салаларда қолданылады.