Жарияланды: 30

Павлодарда жүздеген үйді су алып кетті

Павлодарда жүздеген үйді су алып кетті

Екінші Павлодар мөлтек ауданының екі жүзге жуық тұрғыны үйлерін су басып қалғанына шағымданып отыр. Тұрғындардың айтуынша, елді мекендегі жаңбыр және жерасты суларын сорып, құрғатып келген насос станциясы үш жыл бұрын бұзылып, орнына коттедждер салынған.

Бұл туралы Азаттық хабарлайды. 

"Содан бері ауламызға толып, үйдің қабырғалары дымқыл тартып кетті" деп шағымданады тұрғындар.

-Жағдай өте нашар. Бау-бақша су толы. Жер мүлде көрінбейді. Ауланы да су басқан. Ештеңе көрінбейді. Барлық жерде саз-батпақ, жап-жасыл. Үйдің ішінде қабырғалар, обоилар дымқыл. Зең басқан. Дем алу мүмкін емес. Едендер шіріп, құлап жатыр. Қабырғаларға, үйдің төбелеріне сызат түскен. Үйдің ішінде отыруға қорқамыз, - дейді тұрғындардың бірі Аня Глухова Азаттық тілшісіне.

Павлодар қаласындағы Алтайская, Запорожcкая, Днепропетровская, Якутская, Целинная, Демитрова және Таллинская көшелерінде тұрып жатқан екі жүзге жуық адам дәл осындай жағдайда тұрып жатыр. Олар жағдайдың денсаулықтарына теріс әсер етіп жатқанын, балаларының ауыра бастағанын айтады. "Қарапайым дәретханаға да бара алмай жатырмыз" дейді ашынған тұрғындар.

Тұрғындардың бірі Айнаш Сутбаеваның айтуынша, жергілікті билік дренаж жүйесін салуға шамамен 20 млн теңге ақша бөлінген, бірақ кейіннен бюджетке қайтарылған. Олар биліктен тезірек дренаж жүйесін салып беруді талап етіп отыр.

- Үйлеріміз бұзылып жатыр. Билік төтенше жағдай жарияламайды. Келтірілген шығынды өтеп беруден бас тартты. Екінші Павлодар бойынша барлық насос станциялары алынып тасталды. “Павлодар-Водоканал” олардың шаруашылық қиларға арналғанын айтты. Біз президенттен Екінші Павлодар тұрғындарына көмектесіп, дренаж жүйесін қайта қалпына келтіріп беруін сұраймыз, - дейді Айнаш Сутбаева.

15 мамырда тұрғындар Павлодар облыстық және қалалық әкімдіктеріне барғанмен оларды “алдын-ала жазылу керек” деп кіргізбей қойыпты. "Бармаған жеріміз жоқ, бәріне жаздық, енді не істейтінімізді білмейміз" деп отыр тұрғындар.

Азаттық тілшісі 16 мамырда Павлодар облыстық әкімдігі мен қалалық әкімдігіне хабарласқанмен жауап ала алмады.

 

 

Posted by Elena Semenova on Tuesday, May 15, 2018

Оқи отырыңыз:

«Мен әлі де жылаймын»: Роза Рымбаева ішкі жан-сырымен бөлісті 

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алматыда қап толы қаражатпен шекарадан заңсыз өтпек болған адам ұсталды
 
 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть