Ауыл тұрғыны атқа мініп, жылқыларды іздеуге шыққан. Бүгін таңғы төрттерде ол ұялы телефонмен адасып жүргені жайлы хабарлаған.
Оны іздеуге Ертіс ауданының «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ ӨБ-21 қызметкерлері мен АІІБ полицейлері, Ертіс ауданы әкімдігінің қызметінің мамандары тартылды.