Жарияланды: 600

Павлодарлық бір әйел ауладағы бау-бақшасынан 4,5 килограмм салмағы бар алып саңырауқұлақ тауып алды

Павлодарлық бір әйел ауласындағы бау-бақшадан жаңбырдан кейін өсетін алып саңырауқұлақ тауып алды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Әйелдің айтуынша, бұрын-соңды адам баласы көрмеген дәу саңырауқұлақ бүлдірген бұталарының арасынан табылған. Алып асқабақтан аумайтын саңырауқұлақтың салмағы 4,5 килограмм болып шықты. Бар ғұмырында мұндай алып саңырауқұлақты кездестірмеген әйел бұған дейін ең үлкені 1,5 килограммдық саңырауқұлақ көргенін айтады.Саңырауқұлақтың осыншама үлкен болып пісуіне биылғы мол жауын-шашын әсер еткен болар деп пайымдайды әйел.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть