Павлодарлық полицей көршісін тонағалы жатқан екі ұрыны қолға түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарлық полицей көршісін тонағалы жатқан екі ұрыны қолға түсірді

Павлодарлық полицей көршісін тонағалы жатқан екі ұрыны қолға түсірді

Жол-патрульдік батальоны полициясының қызметкері Мержан Кешубаев өзінің көршісін тонағалы тұрған екі ұрыны ұстады. 

  • 11 Ақпан 2016
  • 307
Фото - Caravan.kz

Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметінің қызметкері Сәуле Мусинованың мәлімдеуінше, 34 жастағы тәртіп сақшысы сол уақытта демалыста болған деп хабарлайды pavlodarnews.kz. — Сағат 11 шамасында есік артынан күдікті дыбыстарды естіген М. Кешубаев ойланбастан сыртқы шығып, екі азаматқа тап болды. Олардың бірі көрші үйдің құлпын бұзып жатса, екіншісі баспалдақта тұрған. Аға сержант подъезден шығатын есікті жауып, жұбайына полицей қызметкерлерін шақыр деп дауыстаған. Осы уақытта жігіттердің біреуі Мержанға бұрағыш  сұғуға талпынған. Дегенмен бұл әрекеті жүзеге аспаған, — деді С. Мусинова.


Жедел тергеу тобының келуіне дейін полиция қызметкері ұрыларды ұстап қалған. Тонаушылар облыс орталығының 17 және 23 жастағы бұрын сотталмаған тұрғындары болып шықты.  Ұсталғандар Павлодар қаласының ІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Баукеспелерден құлыптың өзегі, екі бұрағыш және ажырамалы кілт тәркіленді.