Перуде құрбандыққа шалынған 56 баланың сүйегі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Перуде құрбандыққа шалынған 56 баланың сүйегі табылды

Перуде құрбандыққа шалынған 56 баланың сүйегі табылды

Перуде көне діни ғұрып кезінде құрбандыққа шалынған 56 баланың сүйектері табылды.

  • 11 Маусым 2018
  • 58
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz РИА Нововсти порталына сілтеме жасап хабарлайды.  

Басылым мәліметінше, сүйектер Ла-Либертад аймағының Трухильо провинциясында мамырдың басында табылған. Адам сүйектерінен бөлек мамандар мұнан 30 шақты лама төлдерінің сүйектерін тапқан. Олар да құрбандыққа шалынған. 

Археологтардың сөзінше, бұл көне зиратқа 600 жыл болған. Табиғат апаттарынан сақтану үшін балаларды пұт құдайлардың құрметіне құрбандыққа шалған. 

Чиму мәдениеті 1250 және 1470 жылдар аралығында қазіргі Пеудің солтүстігінде дәуірлеген еді. Жойылып кеткенге дейін Чиму патшалығы бірнеше кішірек мәдениеттерді қосып алу арқылы кеңейе берген. Алайда ең соңында оларды инкілер жаулап алған. 


Оқи отырыңыз:

Мың айдан да ардақты — Қадір түні

"Екі бала тусам деп армандаймын" — Сәуле Әбілдаханқызы

Қазақстандықтар бензинге 600 млрд теңге жұмсаған

Соңғы жаңалықтар