Петропавл әуежайы мемлекет меншігіне қайтарылды
Көліктік прокуратура мен Солтүстік қазақстан облысы әкімдігі «Петропавл халықаралық әуежайы» АҚ-ның жеке тұлғаларда жүрген 60 пайыз акциясын мемлекет меншігіне қайтару бағытында бірқатар жұмыстар атқарды. |
Прокуратураның хабарлауынша, Алматы қалалық сотының аппеляциялық сот алқасы биылғы жылдың қыркүйегінде СҚО Қаржы басқармасының әуежай акциясының 60 пайызын мемлекет меншігіне қайтарып алу туралы шағымын қанағаттандырған болатын.
«5-қарашада «Құнды қағаздарды тіркеу жүйесі» АҚ сот шешімін толығымен орындады. «Altyn Estate» ЖШС есеп-шотынан құны 22 млн теңгені құрайтын 22 мың дана акция әуежай шотына аударылды», делінген хабарламада.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін