Петропавл мен Павлодар атаулары неге ауыспады? - Белгілі блогер жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавл мен Павлодар атаулары неге ауыспады? - Белгілі блогер жауап берді

Петропавл мен Павлодар атаулары неге ауыспады? - Белгілі блогер жауап берді

Ол үшін осы аймақтарда қазақтардың саны кем дегенде 70% болу керек.

  • 16 Наурыз 2022
  • 1164
Фото - Caravan.kz

Блогер Дәулет Мұқаев Петропавл мен Павлодар қалаларының атауы неге өзгеріссіз қалғанына қатысты пікір білдірді деп хабарлады Caravan.kz медиа порталы. 

"Ол үшін осы аймақтарда қазақтардың саны кем дегенде 70% болу керек деп есептеймін. Статистиканы қарасақ, Петропавлда 27% ғана қазақ((, Павлодарда 48% ғана. Жер дауы болып жатқан Донбасс пен Луганскте орыстар 50% жетпесе де, өздері бөлініп шыға келді. Біз үшін ойланатын нәрсе. Бірақ уақыт өте келе бұл аймақтардың атауы өзгереді деген сенімдемін. Себебі бүгінгі жолдау соның бастамасы болғандай. Бірнеше облысқа тарихи атаулары берілуде.

13 наурызда Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы өткізген форумда болдым. Тілге қатысты өзекті мәселелер көтерілді. Айтарымызды айттық. Тіл жанашыры ретінде бұл қоғамның мүшелік билетін алдым. Алдымен өзімізден бастауымыз керек. Қазақ тілге деген сұранысты өзіміз арттыруымыз керек. 10 қазақ отырып, арамызда 1 орыс жүрсе… Орыс тілінде сайрап кететіндер жетерлік.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы — қазақ тілі, мәдениеті, әдебиеті мен тарихын оқып-үйренуге, ұлттық рух, елдік намысты оятып, оны одан әрі дамытуға ынталы Қазақстандағы және шетелдегі азаматтарды біріктіретін ерікті ұйым. Қоғам 1989 жылы Алматы қаласында өткен I-құрылтайда құрылды",- деді блогер. 

Еске салсақ, бүгін Президент Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында бұрын таратылған үш облыстың қайта құрылатыны жайлы айтты.


Соңғы жаңалықтар