Петропавлда баланың цирк әткеншегінен құлауына адами фактор себеп болған
Петропавлда баланың чехиялық цирктің әткеншегінен құлауына адами фактор себеп болған, деп хабарлайды СҚО ІІД баспасөз қызметі. |
«Баланың әткеншектен құлауына адами фактор себеп болды деуге негіз бар. Цирктің жұмыскерлері әткеншекті дұрыс бекітпеуі мүмкін», - деп хабарлады бейсенбі күні баспасөз қызметінің өкілдері.
Жарақат алған баланың ата-анасы полицияға шапито-циркінің басшылығын жауапқа тарту туралы арыз жазған. Алайда баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғау туралы шешім әлі қабылданбағанын хабарлап отыр.
«Шешім қабылдау үшін зардап шеккен балаға сот-медициналық сараптама жүргізу керек. Бірақ оның алған жарақаттарының ауырлығы емдеу курсы біткен соң ғана анықталады», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Цирктің қажет лицензиялары мен құжаттары бар. Барлық жабдықтары да талаптарға сәйкес келеді, дейді полиция.
Өткен аптада 8 жасар қыз бала чехиялық шапито-циркінің көрсетілімі кезінде әткеншектен екі метр биіктіктен құлап, омыртқасынан ауыр жарақат алған болатын.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін