Жарияланды: 340

Петропавлда балта ұстаған қаскөйлер камераға түсіп қалды

Петропавлда жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды. Бетперде киген екеу күзетшіні балтамен қорқытып, кассадағы бүкіл ақшаны, яғни 1 млн 300 мың теңгені алып кеткен.

Таңсәріде болған оқиға бақылау камерасына түсіп қалыпты. Онда бетперде киген қарақшыларға есікті күзетшінің өзі ашқаны көрініп тұр. Қаскөйлердің бірі ұзын темірмен, екіншісі балтамен қаруланған екен. Қарауыл беліндегі қаруға жармасқанымен түк шықпады. Қазір қарақшыларды тәртіп сақшылары жабылып іздеп жатыр. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін