Петропавлда экс-әкімнің орынбасарына қатысты іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда экс-әкімнің орынбасарына қатысты іс қозғалды

Петропавлда экс-әкімнің орынбасарына қатысты іс қозғалды

Петропавлда тұтқындаулар басталғандай. Бүгін қаржы полициясы қызметінен алынған Солтүстік Қазақстан облысы әкімі орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғады. Енді сот санкция берсе, қолына кісен салынып изоляторға қамалады.

  • 29 Мамыр 2014
  • 361
Фото - Caravan.kz


47 жастағы Владимир Балахонцевқа мемлекеттік тендерді өткізу кезінде  «қызмет бабын асыра пайдаланды» деген айып тағылып отыр. Бірақ қаржы полициясы істің мән-жайын ашып айтқан жоқ. Ал бағыныштыларының былығы үшін күні кеше Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Самат Ескендіров өз еркімен отставкаға кеткен болатын. Өйткені экс-әкімнің қарамағындағылары бірінен соң бірі шатылып жатыр.Сондықтан Ескендіровтың әрі қарай қызметін жалғастыруына ары жібермепті.