Жарияланды: 310

Петропавлда екі тұрғын енді төселіп жатқан жолдың үстімен жүреміз деп күлкіге қалды

Петропавлда екі жігіт асфальт төселіп жатқан көшені кесіп өтеміз деп, битум құйылған жолға тобықтан батып қалды. Ұзақ талпыныстан кейін бірі аяқ киімінен айрылса, екіншісі бұтындағы киімсіз қалыпты. 

Мына көрініс сол маңдағы үйдің тұрғындарының ішек-сілесі қатырған. Ал асфальтталып жатқан көшені төтесінен кесіп өтпек болған екі жігіт біраз уақыт битумға жабысқан күйі тұрған. Ақыры бірі аяқ киімін тастап , көшенің шетіне шықса, омақаса құлаған екіншісінің тіпті қолы да жерге  жабысып қалған. Қазір Петропавл көшелерінде бұрын соңды болмаған жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Қызылжар басшылығы алдағы жылы өтетін шекаралас елдердің форумына қызу дайындалуда. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін