Петропавлда лауазымды қаржы полицейін қаскөйлер қателесіп өлтірген - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда лауазымды қаржы полицейін қаскөйлер қателесіп өлтірген

Петропавлда лауазымды қаржы полицейін қаскөйлер қателесіп өлтірген

Солтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясы бастығының орынбасары  Жандос Ахметовті киллерлер қателесіп өлтірген. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Тергеу барысында о баста орынбасарын емес, бастығын өлтіруге тапсырыс берілгені анықталды.

  • 14 Тамыз 2014
  • 174
Фото - Caravan.kz


Қаскөйлер Ахметовті өткен жылдың соңында өз үйінің алдында 12 жасар ұлының көзінше атып кеткен еді. Араға жарты жыл салып бұл оқиғаға қатысы бар деген күдікпен үш адам ұсталды. Жамалиев деген азамат Солтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясының сол кездегі бастығы Нұрлан Шабдарды өлтіру туралы тапсырыс алыпты. Алайда сол кезде бастық кезекті еңбек демалысында болғандықтан, оның міндетін орынбасары Жандос Ахметов атқарып жүрген. Осыны ескермей шатасқан   Жамалиев  Хукиев және Ковалев деген Ресей азаматтарын  жалдап, оларға Ахметовті өлтіруді тапсырған. Қазір бұлардың үшеуі де қолға түсті. Бірақ басты тапсырыс беруші ұсталған жоқ. Ал орынбасарының арқасында аман қалған Нұрлан Шабдар қанды оқиғадан кейін өзге қызметке ауысып кетіпті.