Петропавлда мемлекет қайраткері Ж. Тәшеновке ескерткіш орнатылды (ФОТО) - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда мемлекет қайраткері Ж. Тәшеновке ескерткіш орнатылды (ФОТО)

Петропавлда мемлекет қайраткері Ж. Тәшеновке ескерткіш орнатылды (ФОТО)

Петропавлда мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты Жұмабек Тәшеновтің 100 жылдығы құрметіне ескерткіш орнатылып, №20 орта мектепке аты берілді.  Салтанатты жиынға облыс әкімі Ерік Сұлтанов қатысты.

  • 21 Наурыз 2015
  • 1383
Фото - Caravan.kz

«Жұмабек Тәшенов халық үшін көп қызмет еткен тұлға. Еңбек еткен жылдарының басым бөлігі өңірге арналды. Біртуар, мәртебелі азамат Отанының нағыз патриоты, әділдік үшін күрескер  ретінде халқының мәңгі есінде қалады. Жұмабек Тәшеновтің ескерткішін орнату біз үшін, өскелең ұрпақ үшін ерекше ғибратты мәні болатынына сенімдімін», — деді салтанатты рәсімде Ерік Сұлтанов.

Жұмабек Тәшенов Ақмола облысының Танагүл ауылында 1915 жылы наурызда дүниеге келген. 5 бала тәрбиелеген. 1938-1947 жылдарда СҚО ауыл шаруашылығында қызмет еткен. Экономика, ғылым, мәдениет, білім саласын дамытуға зор үлес қосқан.

Жұмабек Тәшенов атқарған соңғы лауазым — Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы.


1986 жылы дүниеден озды.

Қазақстан елордасының бір көшесіне қайраткер есімі берілген.