Петропавлда құрылысшы бетон араластырғыштың ішіне түсіп қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда құрылысшы бетон араластырғыштың ішіне түсіп қаза тапты

Петропавлда құрылысшы бетон араластырғыштың ішіне түсіп қаза тапты

Қазір арнайы комиссия оқиғаның мән-жайын тергеп жатыр.

  • 30 Мамыр 2018
  • 15
Фото - Caravan.kz

Петропавлда құрылысшы бетон араластырғышқа түсіп ажал құшты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қайғылы оқиға 29 мамырда кешке "Жас Өркен" шағын ауданындағы құрылыс алаңында болған. 48 жастағы ер адам жұмыс күні аяқталар кезде бетон араластырғышты тазалап жатып, ішіне түсіп кеткен. Сол сәтте механизм іске қосылып, жұмысшы алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты.

Sputnik Қазақстанға Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқарма төрағасының орынбасары Арман Жәлелов хабарлағандай, оқыс оқиғаға кімнің айыпты екенін айтуға әлі ерте.

Оның сөзіне сүйенсек, арнайы комиссия қайғылы жайтты тергеп жатыр. Тиісті шаралар атқарылған соң, қорытынды шығарылады.

Оқи отырыңыз:

Астанада үш жасар бала менингит дертіне шалдықты деген күдік туындады 

"Канелоның" командасы Головкинмен кездесуден бас тартты 

Ерке Есмахан Астанадағы Open Air туралы: Ресейлік әншілердің ерекше ештеңесі жоқ

Соңғы жаңалықтар