Петропавлда құтқарушылардың Эболаға қарсы жаттығуы жұртты шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда құтқарушылардың Эболаға қарсы жаттығуы жұртты шошытты

Петропавлда құтқарушылардың Эболаға қарсы жаттығуы жұртты шошытты

Көктемгі тасқынға тас түйін дайын отырған солтүстікқазақстандық құтқарушылар енді Эбола індетімен күреске шықты. Жаттығу сценариі бойынша бұл дертті қара құрлықтан теріскейдің Явленка ауылына келген адам жұқтырыпты. Африкада бұл дерттің беті қайта бастаса да, қызылжарлық құтқарушылар осылайша жұртты бір дүрліктірді.

  • 14 Наурыз 2015
  • 208
Фото - Caravan.kz

Бетперде киген тәртіп сақшылары автовокзалдан адамдарды шығарып, ғимаратты оқшаулап жатыр. Алайда тәртіп сақшылары таққан газ өткізбейтін масканы көріп шошыған жұрт сасқандарынан абдырап қалды. Ал обаға қарсы киім киген мамандар автобус күтіп отырған ауру әйелді ауруханаға алып кетті. Сценарий бойынша, ол Конгодан теріскейдің Явленка деп аталатын ауылы арқылы сапар шеккен екен. Ал мамандар автовокзал ғимаратын залалсыздандыруға көшкенде, оқу-жаттығу туралы түк естімеген тұрғындар жағаларын ұстады. Сөйтіп, қарының шеті де сөгілмеген теріскейдің құтқарушылары ыстық Африкадағы дертті Қызылжарда жеңіп тарасты.

Қайрат Садықов,  СҚО ТЖД қызметкері:

Індеттің жер бетіне таралауына байланысты қазіргі уақытта жоспарлы жұмыс арқылы барлық ел- жұртты , осы аурудың таралмауына шектеу қоятын қызметтерді тоқсан сайын оқу-жаттығу арқылы үйретіп жатырмыз.