Петропавлда жәшіктегі ақшаны ұрлап жатқан қыз камераға түсіп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда жәшіктегі ақшаны ұрлап жатқан қыз камераға түсіп қалды

Петропавлда жәшіктегі ақшаны ұрлап жатқан қыз камераға түсіп қалды

Ауру балаға тиесілі ақша ұрланды. Петропавлда науқас сәбиге жылу жинау үшін орнатылған жәшікті жымқырған қыз іздестірілуде.

  • 11 Наурыз 2015
  • 193
Фото - Caravan.kz

Бұл кадрлар қаладағы ірі сауда орындарының бірінің бақылау камерасына түсіп қалған. Мына қыз алдымен картоннан жасалған жәшіктің жанында біршама уақыт телефонмен сөйлесіп тұрғандай болады. Сонан соң кісі аяғы саябырсыған сәтті пайдаланып, жәшікті үлкен пакетке салып кете барған. Ақша 2 жасар Ярослав Михеевті емдеуге жиналып жатқан екен. Оны ата-анасы жуырда Мәскеуге ота жасауға апармақшы. Жәшікте шамамен 15 мың теңгедей ақша болуы тиіс.

Динара Сағындықова, СҚО ІІД баспасөз хатшысы:                   

Өкінішке қарай, ұрының түрі көрінбейді. Алайда онда адам көп жүретін жер болғандықтан, куәгерлер табыла ма деген үміттеміз.