Жарияланды: 590

Петропавлда жастардың реабилитациялық орталығы ашылады

Петропавлда еліміз бойынша алғаш рет жастардың реабилитациялық орталығын ашуға дайындық жасалуда. Бұл туралы KZ-today тілшісіне орталықтың психологы Алина Камзина хабарлады.

Жаңа орталық бірнеше бағытта жұмыстар жүргізеді деп межеленген. Ең әуелі, кризистік стационар ашылып, онда мінез-құлқында өзгерістер байқалған жасөспірімдер екі апта бойы сауықтырудан өтеді. Осы мерзімде орталық мамандары оларға дәрігерлік, заңгерлік, педагогикалық және психологиялық көмектер көрсетіп, қажетті жағдайда әлеуметтік жәрдем көрсетуге де түрткі болады. Сондай-ақ, тегін сенім телефонын іске қосу көзделіп отыр. Сонымен қатар жастарға, және жұмысы жастарға қатысты барлық мүдделі жандарға тегін ақыл-кеңестер беру жұмысы ұйымдастырылады. Осындай орталық ашу - облыстық жастар ұйымдары Қауымдастығының тендерде жеңіске жетуі нәтижесінде мүмкін болды. 16 орынға есептелген кризистік орталықта алғашқы жастар тобы қыркүйек айында жиналады деп болжануда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть