Петропавлдағы аз литражды қозғалтқыштар жасау зауытында дестелегіш машиналардың кезекті партиясы жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 518.34
  • 607.91
+27 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлдағы аз литражды қозғалтқыштар жасау зауытында дестелегіш машиналардың кезекті партиясы жасалды

Петропавлдағы аз литражды қозғалтқыштар жасау зауытында дестелегіш машиналардың кезекті партиясы жасалды

Петропавлдағы аз литражды қозғалтқыштар жасау зауытында Павлодар облысының тапсырысымен дестелегіш машиналардың кезекті партиясы құрастырылды. Жыл басынан бері мұнда осындай 65 агрегат құрастырылып, кәсіпорындағы өнім көлемі 65 млн. теңгеге артты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне кәсіпорынның бас инженері Петр Герцель хабарлады.

  • 5 Тамыз 2003
  • 1098
Фото - Caravan.kz

Дестелегіш агрегат құрастыру технологиясын зауыт осыдан екі жыл бұрын игерген. Осы мерзімді кәсіпорын өнімдері облыс аясынан тысқары жерлерде де танылып үлгерді. Бұл жолы бес агрегат тапсырыс беруші Павлодар облысында құрастырылса, мамырда 19 дестелегіш құрал Қстанайға жөнелтілген. Қостанайдың өзінде осындай техника өндіретін кәсіпорын бола тұра, ондағылар,П.Герцельдің айтуынша, жоғары технологиялық көрсеткіштеріне орай Солтүстік Қазақстандық өнімді артық санап тапсырыс берген. Осы орайда айта кетсек, Қостанайлық ауылшаруашылығы өнімін өндірушілер Петропавл жаткаларының екінші партиясына биыл да тапсырыс беріп отыр.

2003-жылы зауытта өткен жылғыдан 15 дестелегіш агрегат артық өндірілді. Оны құрастыруға қолданылған қосалқы бөлшектерді Солтүстік Қазақстандық машина жасау зауыты жасап шығарған. Зауыт дестелегіш агрегат өндіру көлемін бұдан да ұлғайта алады, алайда бір өкініштісі, айналым қаржысы тапшы. Банктен несие алуға құжаттар рәсімдеуге бірнеше ай мерзім қажет. Сондықтан да зауыт ұжымы тапсырыс берушілермен тікелей қоян-қолтық жұмыс істеу үрдісін қалыптастыра бастады.