Петропавлдық кәсіпкер қоқыстан пайда табуды үйренді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлдық кәсіпкер қоқыстан пайда табуды үйренді

Петропавлдық кәсіпкер қоқыстан пайда табуды үйренді

Петропавлдық кәсіпкер тұрмыстық қалдықтарды ақшаға айналдырды.

  • 18 Қаңтар 2017
  • 455
Фото - Caravan.kz

Қайыржан Айсин «Даму» қоры арқылы 20 млн теңге несие алып, полигоннан сұрыптау станциясын ашты, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл — әзірге пилоттық жоба. Шағын өндірісте 14 адам жұмыс істейді. Олар күл-қоқысты іріктеп, бөлек-бөлек жинап қояды. Дайын шикізат Алматы, Петропавл қалаларының қайта өңдеу кәсіпорындарына жөнелтіледі. Іскер азаматтың айтуынша, қала маңындағы полигонға күніне 100 тоннадай қоқыс тасталады екен. Енді ол тағы бір желіні іске қосып, кәсібін кеңейтуді көздеп отыр.   

— Біз сұрыптау станцияларын Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салуды жоспарлап отырмыз. Бұл өндіріс көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта қоқысты қайта өңдеуге де көшеміз, дейді кәсіпкер Қайыржан Айсин.


Соңғы жаңалықтар