Петропавловск мен Шымкентте трансшекаралық есірткілік топтың мүшелері ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавловск мен Шымкентте трансшекаралық есірткілік топтың мүшелері ұсталды

Петропавловск мен Шымкентте трансшекаралық есірткілік топтың мүшелері ұсталды

Астана. 14 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Петропавловск қаласында ҰҚК-нің облыстық департаментінің қызметкерлері 31,8 кг героин сатпақ болған жерінен Қазақстанның 30 жастағы азаматын ұстады, деп хабарлады бүгін ҰҚКД өкілі Қанат Сақтанов.

  • 14 Желтоқсан 2007
  • 385
Фото - Caravan.kz

«Ұсталған трансшекаралық есірткі сатушы топтың бір қатысушысы болып табылады», — деді Қ. Сақтанов.

Оның айтуынша, осымен бір уақытта Шымкентте есірткі жеткізгені үшін ақша алу сәтінде топты ұйымдастырушылардың бірі, 30 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды. Екі қылмыскер де өткен аптада қолға түсті.

«Солтүстік Қазақстан облыстық ҰҚКД тергку бөлімі бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады, екі күдікті де тергеу изоляторларында отыр. Қазіргі жағдаймен халықаралық есірткі трафигінің өзге қатысушыларын анықтау шаралары жүзеге асырылуда», — деді ҰҚКД өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті