Pfizer вакцинасы елімізге қашан келеді. Министр жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Pfizer вакцинасы елімізге қашан келеді. Министр жауап берді

Pfizer вакцинасы елімізге қашан келеді. Министр жауап берді

Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы қолданылатын төрт вакцина бар. Басқа өндірушілердің вакциналарын жеткізудің нақты күндері әлі белгісіз, бағаларын да айта алмаймыз.

  • 16 Маусым 2021
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингіде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Жалпы қолдағы төрт вакцина қазірдің өзінде үлкен жетістік болып табылады. Аз ғана елдің арсеналында мұндай көлем бар, біздегідей төрт вакцина сынды. Әрине, солармен қатар біз келіссөздер жүргізіп жатырмыз, оның ішінде Pfizer-мен де, — деді Цой.

Сондай-ақ ол басқа вакциналар бойынша келіссөздер әлі жүргізіліп жатқанын қоса айтты.

Бірнеше ай бойы біз олармен, барлық өндірушілермен келіссөздер жүргізіп келеміз. Біз кіммен келіссөз жүргізсек те, әрқашан құпиялылықты, ақпаратты жарияламау туралы келісімге қол қоямыз. Қазіргі уақытта вакциналар жеткізілетін нақты күндері белгісіз, бағалары туралы айта алмаймыз, біз соңғы растау процедурасын күтіп отырмыз. Әртүрлі вакциналар туралы бар айтарымыз осы, соның ішінде Pfizer туралы да, — деді министр.


Соңғы жаңалықтар