«Пиарщик қой, қайтесіңдер шулап»: Жер аударып, көше сыпырып жүрген Ақтөбе облысы әкімі елге жақпай қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Пиарщик қой, қайтесіңдер шулап»: Жер аударып, көше сыпырып жүрген Ақтөбе облысы әкімі елге жақпай қалды

«Пиарщик қой, қайтесіңдер шулап»: Жер аударып, көше сыпырып жүрген Ақтөбе облысы әкімі елге жақпай қалды

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов көшеде жер аударып, көше сыпырып жүрген жерінен көзге түсіп қалды.

  • 26 Сәуiр 2023
  • 121
Фото - Caravan.kz

Қала халқы облыс әкімін танып, оның қара жұмыс істеп жүргіненіне таң қалған, деп хабарлайды Caravan.kz

Десе де ақтөбеліктерге әкімнің бұл әрекеті жақпай қалған. Олар әкімдердің «аспаннан салбырап түспейтінін, көше тазарту әркімнің ортақ ісі» екенін айтқан.

Сонымен бірге олар әкімнің жай күндері бұлай жүрмейтінін, бұл тек "пиар" екенін" жазған. Олар бұған дейін әкім болған Бердібек Сапарбаевтың да осылай жүргенін еске алды. 

"Пиарщик қой, несіне шулайсыңдар", «Атың шықпаса жер өрте ғой», «Аспаннан салбырап түспеген шығар, несі бар, қарапайым адам емес пе?», «Показуха», «Очко жинап жүр» деп жазды олар.