Пхеньян АҚШ-ты Фергюсон қаласында адам құқықтарын аяққа таптады деп сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пхеньян АҚШ-ты Фергюсон қаласында адам құқықтарын аяққа таптады деп сынға алды

Пхеньян АҚШ-ты Фергюсон қаласында адам құқықтарын аяққа таптады деп сынға алды

 КХДР билігі Американың Фергюсон қаласында болған тәртіпсіздіктер Вашингтонның адам құқықтарын аяқ-асты етіп отырғанына дәлел бола алады деп есептейді.

  • 29 Қараша 2014
  • 289
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы жұма күні ресми БАҚ хабарлады.
Корея орталық телеграф агенттігінің хабарлауынша, Фергюсондағы оқиғалар «АҚШ-тың шынайы бет-бейнесін ашып, оның адам құқықтары бұзылатын және нәсілдік кемсітушілік белең алған тозақ екенін көрсетіп берді».
ЭФЭ агенттігі бұл мәлімдемені бірқатар елдердің КХДР-да адам құқықтары бұзылып жатыр деген мәлімдемесіне жауап деп атады.