Пхеньян Азия ойындарына қатыспауы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пхеньян Азия ойындарына қатыспауы мүмкін

Пхеньян Азия ойындарына қатыспауы мүмкін

Солтүстік Корея 17-ші Азиада ойындарына бармауы мүмкін. Онсыз да бір-біріне мұрын шүйіре қарайтын бауырлас қос мемлекеттің арасында тағы да жағдай шиеленісе түсті. Енді Пхеньян биыл қыркүйек айында Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтетін дүбірлі жарыстан бас тартуы ықтимал.

  • 19 Шiлде 2014
  • 232
Фото - Caravan.kz


Екі ел арасындағы жаңа дауға Сеулдің іргелес мемлекет спортшыларының саны мен олар әкелетін туға қарсылығы себеп. Солтүстік Корея бұл жолы 350 атлетті баптап отыр. Жанкүйерлердің саны да соған сәйкес болмақ. Пхеньян әзірлеген құрама команданың көптігіне көңілі толмаған оңтүстіктегі спорт шенеуніктері қауіпсіздік шараларымен бас қатыруда. Ал бұған дейін Солтүстік Корея билігі елде орын алған қиындықтарды ұмыту үшін Азиадаға қатыспақшы екенін мәлімдеген еді.