Пойыздың автомобильмен соқтығысуы салдарынан алты адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пойыздың автомобильмен соқтығысуы салдарынан алты адам қаза тапты

Пойыздың автомобильмен соқтығысуы салдарынан алты адам қаза тапты

Чилидің оңтүстігіндегі Сан-хавьер қаласында пойыздың автомобильмен соқтығысуы салдарынан кем дегенде алты адам қаза тапты, деп хабарлады дүйсенбі күні Франс Пресс агенттігінен.

  • 8 Ақпан 2016
  • 250
Фото - Caravan.kz

Пойыз алдын ала нұсқа бойынша, темір жолдан өтпек болған көлікпен соқтығысқан.

«Көліктің ішінде жеті адам, бес ересек пен екі бала болды. Бір баланың жағдайы ауыр, қалған алты адам ажал құшты», — деп жазады агенттік қаладағы өрт сөндіру қызметінің өкілі Маурисио Энчиннің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде, олар кедеңсіз жағдайдың себептерін тергеуге кірісті.