Жарияланды: 480

Полицейлер мінген автобус аударылып, екі адам жарақат алды

Полицейлер мінген автобус аударылып, екі адам жарақат алды

Қарағанды облысында ІІМ мамандандырылған күзет басқармасының автобусы жол апатына ұшырап, қос полицей жарақат алды.

Сәтпаев қалалық прокуратурасы таратан хабарламаға сүйенсек, апат кеше кешқұрым Жезқазған-Сәтпаев тас жолында болған.
"ПАЗ" автобусын тізгіндеп келе жатқан 23 жастағы полиция сержанты белгісіз себептермен рульге ие бола алмай, көлікті аударып алған", - делінген хабарламада.
Салдарынан жүргізуші мен 21 жастағы полиция сержанты бас миы шайқалып, ауруханаға жеткізілді.
Жол апатының себептері анықталып жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін