Жарияланды: 40

Полиция ескерту жасады: Астана әуежайында не болып жатыр?

Полиция ескерту жасады: Астана әуежайында не болып жатыр?

Жаттығулар жұма күні әуежай территориясында сағат 09.00 мен 13.00 арасында өтеді.

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайына келушілерге жұма күні таңертең антитеррористік жаттығулар өтетіні туралы ескертілді, деп хабарлады Астана қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Жоспарланған антитеррористік жаттығулар халықаралық "Нұрсұлтан Назарбаев" және "Air Astana" жедел штаб қызметкерлері үшін таңғы сағат тоғыздан түскі сағат бірге дейін өтеді. 

Шараның мақсаты – ведомствоаралық қарым-қатынысты нығайтып, транспорт объектілерінде террористік жағдайлар болған кезде шұғыл іске кірісу жұмыстарын жетілдіре түсу. 

"Жаттығуларда әртүрлі күрделі элементтер болатындықтан, расымен де, террористік әрекеттер болып жатқандай көрінуі мүмкін", — делінген хабарламада. 

Жаттығуларды өткізу кезінде тыйым салу шаралары қолданылады. Осы орайда, азаматтардан жаттығуға түсіністік танытып, барынша қауіпсіздік шараларын сақтап, мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындау сұралады.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть