Польша президенті жол апатына ұшырады (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Польша президенті жол апатына ұшырады (ВИДЕО)

Польша президенті жол апатына ұшырады (ВИДЕО)

Польшаның президенті Анджей Дуда жол апатына ұшырады. Ол отырған лимузин қатты келе жатқанда артқы дөңгелегі жарылған, абырой болғанда жүргізуші жол шетіндегі шұңқырға бұрып үлгерген. Қазір үкіметтің күзет қызметі жол оқиғасын тексеруге кірісті, деп хабарлайды ресейлік РБК агенттігі.

  • 5 Наурыз 2016
  • 357
Фото - Caravan.kz

Польша президенті Анджей Дуда Карпач қаласынан Левин-Бжеский қаласына бара жатқанында A4 тас жолында жол оқиғасына ұшырады. Поляк радиосының хабарлауынша, мемлекет басшысы отырған лимузин қатты жылдамдықпен келе жатқанда артқы дөңгелегі жарылып кеткен.

Жүргізуші қарсы келе жатқан көліктерге соғылып қалмау үшін бұрылып жол шетіндегі шұңқырға түсіп кеткен. Оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Дуда кортеждегі басқа көлікке отырып сапарын жалғастырған. 
TVN телеарнасына сұхбат берген Дуда автомобиль кюветке түсіп кеткенін айтып, ешкімнің зардап шекпегенін жеткізген. «Аса үлкен апат болмады» деп мәлімдеді ол. Оның айтуынша, көлік дөңгелегі ұдайы тексеріліп тұратындықтан мұндай жағдай қайталанбауы тиіс. 
Үкіметтің күзет бюросының басшысы, полковник Анджей Павликовский оқиғадан соң дереу тексеруді бастады, жарылған дөңгелек шинасы арнайы сараптамаға жіберілді.