Практикаға қабылданған оқушыларға төленетін еңбекақы көлемі ұлғайды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Практикаға қабылданған оқушыларға төленетін еңбекақы көлемі ұлғайды

Практикаға қабылданған оқушыларға төленетін еңбекақы көлемі ұлғайды

Білім және ғылым министрінің орынбасары Есенғазы Иманғалиев кадр даярлаудағы жаңа тәсіл жемісін беруде деп отыр. Дуалды оқыту жүйесі арқасында жастардың жұмысқа орналасу көрсеткіші артқан. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде айтты. Бүгінде еліміздегі 348 колледж дуалды білім беруге көшкен. Ал 1700 кәсіпорында 22 мың жас тәжірибеден өтуде. Соңғы өзгеріс – практикаға қабылданған оқушыларға 60 мың теңге көлемінде еңбекақы төленетін болған. Және бірқатар кәсіпорындар грант тағайындайды. Қазіргі таңда жүйе 60 елде кеңінен таралған. Тәлім алушы 70% уақытын өндіріске, ал 30% теорияға арнайды.

  • 21 Қаңтар 2016
  • 275
Фото - Caravan.kz

Есенғазы Иманғалиев, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:

— Сараптама нәтижелеріне сүйенсек, дуалды жүйе кадрларды даярлау, жастар арасындағы жұмыссыздықты төмендету мәселесіне шешуші ең тиімді модель болып табылады. 34%-ы бүгінгі күні 800-ден астам кәсіптік оқыту мекемесі болса, 34%-ы осы дуалды модельді қолданып отыр. Үш жылдың ішінде 2776 оқытуға арналған тегін мақсатты грант бөлген.