Премьер-министр ENRC компаниясының директорлар кеңесінің төрағасымен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Премьер-министр ENRC компаниясының директорлар кеңесінің төрағасымен кездесті

Премьер-министр ENRC компаниясының директорлар кеңесінің төрағасымен кездесті

Астана. 14-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Бейсенбі күні Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов директорлар кеңесінің төрағасы Дэвид Кукси жетекшілігіндегі Еуразия табиғи ресурстар корпорациясының өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 14 Желтоқсан 2007
  • 340
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, әңгімелесушілер Лондон қор биржасына қазақстандық тау-кен металлургиялық холдинг акцияларын саудаға шығару қорытындысын және алюминий зауытының ашылу жайын талқылады.

«Компания басшыларының айтуынша ІРО-ға сәтті шығару және одан кейінгі капиталдандыру ENRC компаниясының Қазақстандағы инвестициялық жобаларын әріқарай жүзеге асыруға ықпал ететін болады», — деп көрсетілген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті