Премьер-министр Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастығының экологиялық жағына қатысты ұсыныстар дайындауды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Премьер-министр Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастығының экологиялық жағына қатысты ұсыныстар дайындауды тапсырды

Премьер-министр Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастығының экологиялық жағына қатысты ұсыныстар дайындауды тапсырды

Астана. 14 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Премьер-министр Кәрім Мәсімов Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастығының экологиялық жағына қатысты ұсыныстар дайындауды тапсырды. Бұл туралы ол бүгін ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде өткен алқа мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 14 Қаңтар 2008
  • 478
Фото - Caravan.kz

«Сізге ҚР СІМ-мен бірлесе отырып еліміздің ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастығының экологиялық блогына қатысты ұсыныстар дайындауды тапсырамын», -деді Кәрім Мәсімов ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақовқа қаратып айтқан сөзінде.

Премьер Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасайтынын еске салды. «Экологиялық мәселелер мен қоршаған ортаны қорғау бүгінгі таңда осы ұйымның басты басымдықтарының бірі деп жарияланған», — деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті