Президент Қазақстан мен Финляндия үкіметі арасында өзара инвестицияларды қорғау және ынталандыру жөніндегі келісімді бекіту туралы заңға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Қазақстан мен Финляндия үкіметі арасында өзара инвестицияларды қорғау және ынталандыру жөніндегі келісімді бекіту туралы заңға қол қойды

Президент Қазақстан мен Финляндия үкіметі арасында өзара инвестицияларды қорғау және ынталандыру жөніндегі келісімді бекіту туралы заңға қол қойды

Астана. 14 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасы үкіметі мен Финляндия үкіметі арасында өзара инвестицияларды қорғау және ынталандыру жөніндегі келісімді бекіту туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 15 Қаңтар 2008
  • 372
Фото - Caravan.kz

Келісім инвестициялық ахуалды жақсартуға және өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға септігін тигізеді.

Келісімнің 9 бабында айқындалғанындай, «инвестор бір жақтың мемлекеттік инвесторы мен екінші жақтың мемлекеттік органдары арасындағы соңғысының міндеттемелеріне қатысты дауды, инвестияциялар жөніндегі келісімге сәйкес, халықаралық арбитраждық инстанциялардың қарауына ұсына алады» — делінген мәжіліс комитетінің отырысында.

Келісімге 2007 жылдың 9 қаңтарында Астанада қол қойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті