Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанда әртүрлі діни мерекелер: мұсылман, христиан және өзге де конфессиялардың мерекелері аталып өтетінін атап көрсетті.
«Толеранттылықтың арқасында, осындай қатынастың арқасында бірлік пен тұрақтылық жағдайында біздің еліміз дамып келеді. Біз бұны сақтай білуіміз керек. Сонда ғана біздің еліміз дамитын болады, сонда ғана біз дамыған мемлекетке айналамыз. Осының арқасында біздің еліміз дүниежүзіне әйгілі болды. Біз барды бағалай білуіміз керек», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті